Біз шынында да бізден тыс не бар екенін білмейміз. Біз өзімізде әлемді сезіне аламыз, өзімізден тыс не барын біз еш уақытта сезіне алмаймыз.
Мәселен мен қандай да дыбысты естіп тұрмын делік… мен қандай да әсер барын, қандай да бір жерден дыбыс толқыны шығатынын, ол менің құлағыма келгенін, дабыл жарғағымды басқанын, ол жерден енді электр сигналы, химиялық реакциялар қозғалысы, миымда жазылып қалғанмен салыстыру және т.б. басталғанын содан кейін маған кандай да дыбыс естіп тұрғаным туралы ақпарат беріледі. Яғни ешбір менен тыста бар сигналды емес, мен сырттағыны мыңдаған рет өзгерген түрде елестетемін.
Сондықтан өзімізден тыс болатынды біз ешқашан айта алмаймыз, біз тек өзіміз іштей ұғынатынымыз туралы ғана айта аламыз. Түптеп келгенде мұның барлығы біздің өмір сүруіміз үшін жеткіліксіз екенін түсінуге, дүниені сезінудің мүлде басқа деңгейіне, басқа өлшемге біздің әлем шегінен асу үшін жаңа қосымша сезім органына мұқтаждыққа келуге жетелейді.



























