Тағдырды өзгертуге болады. Кәдімгі физиологиялық гендерден басқа ақпараттық гендер де бар. Олар компьютердегі сияқты, бізде тізбек бойынша айқындалады – әр рет сайын әр сәтте қандай–да бір белгілі міндет шешіледі. Әрбір ретте оның жаңа күйін қандай амалмен іске асыруды, яғни, мені Табиғатпен жақсырақ тұтасуға, бірігуге, тепе–теңдікке жеткізуді мен басқарамын.
Егер мен осыған дайын болсам, егер мен осы генді дұрыс, дүрыс бағытта іске асырғым келсе,онда маған машина астына түсу қажет емес, мен оны қандай–да бір шағын, қарапайым, мейірімді әрекет арқылы істей аламын. Өйткені дұрыс істеп отырмын деген оймен Табиғаттың осы нағыз бағытын білмей басқа жаққа ауытқи бастасам, маған жағымсыз түзетуші күш әсер етеді. Ол маған азап түрінде әсерін тигізеді және мені түзетеді.
Сондытан бағытты анық білу және сол арқылы жүріп отыру қажет. Адамзаттың негізгі мәселесі – ол не ойлайды, ол не біледі, қалай әрекет ету керек және барлығын өз ырқына бағындырады. Нәтижесінде бірталай нәрсені бүлдіреді. Біз дамуымызда, эволюциямызда түгел барлығымыз өзара байланысты болған деңгейге көтерілдік. Міне осы назарымызда болу керек.



























